//

ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫ бас қосты БОДРУМДА

7 рет қаралды
1

turikterТүркияның Бодрум қаласында Түркі Кеңесінің IV саммиті өтіп жатыр. Кеше Түркі Кеңесі Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті. Бүгін мемлекет басшыларының жиыны болған. Түркі Кеңесіне Түркия, Қазақстан, Әзірбайжан мен Қырғыз республикасы мүше.

Ал Түрікменстан басшысы қонақ ретінде қатысуда. Өзбекстан басшысы беймәлім қалды, Бодрумға келмеді. Алайда ағайынды елдер одан да үміт үзіп отырған жоқ. «Ағайын боламын, туыс боламын, ынтымақ, бірлікте боламын» деп береке-бірлікке шақырып жатса одан қандай адам ат-тонын ала қашады. «Алтау ала болса ауыздағы кетеді» деген мақал тегі осы алтауына қаратылып айтылған-ау. Алты Алаштың бас қосар бір бірлікке келер күні де алыс емес шығар. Түркі дүниесінің түлейтініне сеніміміз зор.

Бүгінгі жиында бас тақырып – туризм жайы болған, әсіресе замануи «Жібек жолын» қайта жаңғырту мәселесі қаралыпты. Бүгін жиынның ашылуында ынтымақтастықты арттыратын бірқатар тетіктердің жүйеге түскеніне тоқталған Түркия президенті Абдолла Гүл: «Мысалы, Астанада Түркі Академиясы құрылды. Түркі Мәдениеті және Мұрасы Қоры Бакуде өз жұмысын бастайды. Бұл екі құрылымның маңызы ерекше. Шын мәнінде олар, жарқын келешегіміз – жастарымызға өткеніміз және ортақ құндылықтарымызды таныту арқылы біздің бауырластығымызды тіптен күшейте түседі. Текті болмысымызды бүтіндеудің негізі болады», — деген екен.   Осы бірлік туралы ел азаматтары не ойда екен? Ғаламтордағы біраз азаматтың пікірін берейін: 

Нурлан Маметов Түркмендер мықты, осы жолмен жүріп отыр.

Қуаныш Тыныбек Ағайындардың көк жайлауда кездескені сияқты болыпты.. «Адам баласы тек жақсылықты ғана көре бергісі келеді ғой, бәрі өз ойымдағыдай болса екен» деген шайтани түсінігіміз бар….

Abdulvahap Kara  Alemde memleket basşılarının talay kezdesüvleri bolıp jatır. Bayqap otırsan, barlığı resmiy, sayasi. Al bügin türki elderinin basşıları siz aytqanday jaylavda otırğanday şınayı dostıq, tuvıstıq qavışuvda sıyaqtı. Qudı, tuvistar bir birinin üyine qıdırıp jürgendey. Layım solay bola bergey!

Жаңабек Наров Түбі бір Түркі халықтарымен бірігу қажет. Қазақтар қуғын көріп, елінен қашып барғанда осы Түрік халқы пана болған. Сондықтан, бір тілді, бір дінді Түркі халықтары біріксе, қайта рухымыз көтерілмей ме. «Аздардың атасы» бір дейді ғой.

Бауыржан Муканов Дініміз онсыз да салтанат курады, Алланын діні орыстармен одактасты екен деп туралап калмайды. Ал ЕАЭОнын курылуы кайырлы емес екенін алі ешкім де коріп келген жок.

Дайындаған: Бурылалтай

1 Comment

  1. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. (Халық аузынан)
    Түркістан халықтары бір болу керек! Тұрар РЫСҚҰЛОВ (1918 жыл)
    Түркі халқы бірлік, пірадарлықта өмір сүруі керек! Мұстафа ШОҚАЙ (1935 жыл)
    Түркістан – екі дүние есігі ғой,
    Түркістан- ер түріктің бесігі ғой. Мағжан ЖҰМАБАЕВ(1923 жыл)

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Алдыңғы жазба

Оралман: Көші-қон заңы қандай болуы тиіс?

Default thumbnail
Келесі жазба

БАТЫР БАБАҒА АРНАЛҒАН АЙТЫС ӨТПЕК

Соңғы жазбалар

49 жылға жалға алды

“Іле–Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне” қарайтын Үлкен Алматы көлі, Алма-Арасан, Асы үстірттері, Есік және Солдат шатқалдары,

Вирустың беті қайтар емес

Қазақстанда өткен тәулікте 272 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.Өсім 2,9% құрады.Аймақтар бойынша:Нұр-Сұлтан қаласы – 56

eGov.kz порталынан жүргізуші куәлігін алуға болады

Егер тегіңіз өзгерсе, жоғалтып алсаңыз, уақыты аяқталса жүргізуші куәлігін eGov.kz порталынан рәсімдеуге болады деп мәлімдеді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз-қызметі.  Ол үшін eGov.kz порталына кіріп, «Көлік және