Ел пандемиямен алысып жатқанда, Нұр-Cұлтан той тойламақ па?

6659 рет қаралды
3

Келесі апта Нұр-Сұлтан қаласының туған күні. Бұл күн Елбасы, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келетіндіктен, екі қоянды бір оқпен атып, Елбасының 80 жылдығы да аталып өтілмек.

Ел астанасының туған күнін атап өту жоспарымен бөліскен Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова “Нұр-Сұлтан қаласының күнін атап өтуге байланысты бізде көптеген мәдени шаралар жоспарланған еді. Карантин жағдайына байланысты біз жоспарларымызды қайта қарап шықпақпыз. Дегенмен, астанамыздың қонақтары мен тұрғындарын офлайн жобаларымызбен қуантуға тырысамыз. Көптеген шара онлайнға көшірілді” деген онлайн брифинг барысында журналистер сауалына жауап бере отырып.

Министрдің айтуыгша, Қазақстанда төтенше жағдай енгізген күннен ұйымдастырылған онлайн шараларды 30 млн көрермен тамашалаған.


3 Comments

  1. Тойларынмен коса курындар халықтың көз жасы жибермес

  2. Жағымпаздық деген ауру екен ғой. Ертең бұлар бірге өле ме екен,әлде жандары тәтті ме екен.

  3. Халық қырылып жатқан уақытта бұл қандай той қайта қаралы күн жариялау керек емес па?
    Жақсы күндер келер сол кезде өткізесіңдер тойды …..

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Мыңжылқы БЕРДІҚОЖАЕВ: Вирустық пневмониямен ауырғандардың көбінен коронавирустың анықталмауы тестінің сапасына байланысты болуы мүмкін

  Covid-19 бен пневмония статистикасы қосылып есептелетіні белгілі болғанда, еліміздегі пневмониямен ауырғандардың барлығы вирустық пневмония болмауы

Карантин кімге қалай әсер етті?

Коронавирус инфекциясы, төтенше жағдай, карантин барлық қызмет түріне өзгеріс әкелді.Нақты кімге қалай әсер етті? Коронавирус жайлы

Бангидегі қандасымыз: Африкада карантин болғанымен, халық көшеде өріп жүр. Себебі, кедей елдің тұрмыстық тауқыметі үйде отыруға мүмкіндік бермейді

“Қазақстандағы өзге ел студенті: біз ата-анамызбен тезірек қауышқымыз келеді” атты мақаламызда Африкадағы қандасымызлың сұхбат беруден бас